Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронадағдарыс кезінде қаражатты қайда сақтаған дұрыс?

Мамандар COVID-19-дан сақтану үшін үйден шықпауға кеңес береді. Десек те бұл ереженің біздің қаражатымызға қатысы жоқ екені белгілі. Ақшаңызды үйде сақтайтын болсаңыз, көп ұзамай оны жаратып тастауыңыз ғажап емес. Бұған қоса, коронадағдарыс кезінде қаржының өсуі мен сенімді ортада сақталуы маңызды. "ВТБ (Қазақстан) Банкінің бизнес кеңестері" айдарында пандемия шарттарында қаражатыңызды қайда сақтағаны туралы сөз етпекпіз.

вклад

Егер сіз тәуекелге баруды жөн көрмейтін адамдардың бірі болсаңыз, мерзімді салымдарға көңіл бөлгеніңіз жөн. Мұндай депозиттердің өзектілігі, әсіресе, қазіргі күні коронадағдарыс жағдайында арта түсуде. 

Мерзімді салымдар дегеніміз не? 

Мерзімді салымдар (депозиттер) немесе жедел салымдар - еліміздегі банктер ұсынатын қаржы қызметтерінің бірі. Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі болып саналатын жедел салымдар кепілдендірілген кіріс сомасымен қамтамасыз етеді. Мерзімді депозиттерге қаражат аударғаннан кейін оның ақшасы белгілі бір уақытқа бұғатталып, келісімшартта көрсетілген күнге дейін мөлшерлеме бойынша өсіп отырады. Жедел салымдардың мерзімі 7 күннен 10 жылға дейін жетуі мүмкін: депозиттегі қаржы қашанға дейін банкте қалатынын салымшының өзі таңдайды. 

Жедел депозиттерге ақша салар кезде депозиттің уақытын таңдауға мұқият көңіл бөлу керек. Себебі депозиттің мөлшерлемесі көрсетілген мерзіммен тікелей байланысты. Әдетте, мерзімді салымдардың пайыздық көрсеткіші банктің саясатына тәуелді және бұны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бекітеді. Мерзімді депозиттердің өтімділігі әлдеқайда төмен екенін ескерген жөн, десек те бұл кемшілік пайыздық мөлшерлеменің жоғарылығымен өтеледі. 

Мерзімді салымдардың артықшылықтары қандай? 

Мерзімді салымдар - бұрыннан келе жатқан инвестициялаудың құралы және оның артықшылықтары жетерлік. Атап айтсақ: 

  • Кепілдендірілген қайтарым

Жедел салымдардың нарықтағы мөлшерлемелерге қатысы жоқ болғандықтан, сіздің қаражатыңызға сыртқы факторлар әсерін тигізбейді. Кері қайтарылған ақшаның көлемі - қорытынды сома, депозиттің мерзімі, пайыздық мөлшерлемеге тікелей байланысты болады. 

Қазақстанда жеке тұлғалар мен кәсіпкелердің депозиттері мемлекетпен қорғалған. Егер банк лицензиясынан айырылса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) банктің салымшары алдындағы міндеттемелерін өз мойнына алып, депозиттегі ақшаны қайтарып береді. 

ҚДКБҚ депозиттердің барлық түріндегі жатқан ақшаны қайтарады. Салымдар, төлем карточкаларындағы және банк есепшотындағы қаражат валюта түріне қарамастан толығымен өтеледі. Ал кепілдіктің ең жоғарғы көрсеткіші депозиттің және валютаның түрімен анықталады:

5 миллион теңгеге дейін  – шетел валютасындағы кез келген депозит; 

10 миллион теңге – теңгелік депозиттер, оның ішінде: салымдар, төлем карталары, банк есепшотындағы ақша; 

15 миллион теңге – теңгедегі жинақтық салымдар. 

Айта кетейік, ҚДКБҚ тек келісімшартқа отырған банктің ғана міндеттемелерін орындайды, сонымен қатар, бір адамға өтелетін қаражат көлемі де шектеулі. Сол себепті де кепілдендірілген салымдар жүйесінің қатысушысы емес банктерде депозит ашарда абай болған жөн. 

  • Сенімді инвестиция

Мерзімді салымдар ең сенімді қор жинау тәсілі екенін белгілі. Акциялар, облигациялар сынды инвестицияның құралдарымен салыстырғанда жедел салымдар нарықтағы тұрақсыздықтарға мүлдем тәуелді емес. Мерзімді салымдар ертеңгі күні сіздің құр алақан қалмауыңызға кепілдік бере алады. 

  • Тиімді несие

Жедел салымдардағы қаражатты мерзімі жетпейінше шешіп алмаған дұрыс. Алайда ақша қажет болып жатса, айыппұл мен салық төлеп уақыты келмеген депозитті шешіп алудың орнына сізге депозитіңіз бар банктен несие алуға болады. Салымшар депозиттегі соманың 90%-ы көлемінде ыңғайлы несие алу мүмкіндіге ие, ал оның пайыздық мөлшерлемесі де әлдеқайда төмен. 

  • Жоғарғы пайыздық үстеме

Жинақтық есепшоттағы ақшаға қарағанда жедел салымдардың ең басты артықшылығы - пайыздық үстемақы аударылуының жиілігі. Мерзімді депозиттердегі пайыздық көрсеткіш тоқсан сайын, жарты жыл сайын жыне жыл сайын өсіп отырады. 

Осы тұрғыда ВТБ Банкте (Қазақстан) мерзімді салымдардың бірнеше түрі қарастырылғанын атап өткен жөн. Депозитке аударатын бастапқы қаражат сомасы мен инвестициялаудың мақсатынан қарай сіз өзіңізге ыңғайлысын аша аласыз. Толық ақпаратты ВТБ Банк (Қазақстан) сайтынан оқи аласыздар. 

Бір айта кетерлігі, ВТБ Банк (Қазақстан) еліміздегі банктердің арасында ең жоғарғы BB+ несиелік рейтингіне ие. Бұл қаржы ұйымының сенімділігі мен бірінші кезекте, салымшылар алдындағы міндеттемелерді өтей алу қабілеттілігін көрсетеді.  

Жоғарыда айтылған барлық артықшылықтар табылатын ВТБ Банктің (Қазақстан) мерзімді салымдары инвестицияның толық мерзімінде тұрақты түрде кірістің түсіп отыруын қамтасыз етеді. Банктің кепілді қауіпсіздігі мен табыстылығы - депозитті тұрақты кіріс көзі деп санайтын салымшылар үшін таптырмас мүмкіндік болмақ. 

Қазіргі таңда көптеген адамдар әлі де болса мерзімді салымдардан гөрі банктік шотты қаражат жинауға пайдаланып жатады. Десек те банктік шоттағы ақша тұрақты кіріске ие емес. Мәселен, сіздің алға қойған жоспарларыңыз тікелей қаржыға тәуелді болса, банктік есепшотта ақша жинау туралы ойламай-ақ қойсаңыз болады. Себебі оған қол жеткізу оңай болғандықтан, шоттағы қаражат ұзақ мерзімде сақталуы екіталай.  Ал коронадағдарыс жағдайында мерзімді салымдарда ақша жинау сізді болашақтағы тәуекелдерден сақтайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр