Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шағын бизнесте ақша ағынын қалай бақылауға болады?

Шағын кәсіпкерлердің басты мәселесі - ақша ағынын бақылаудың тұрақсыздығы. Олар пайда мен шығынды дұрыс есептемегендіктен, көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп жатады. Мұндай мәселеге тап болмау үшін қарыз қаражатты қалай дұрыс пайдалануға болады және ынтымақтастық орнататын банкті қалай таңдау керек? Осы және өзге де сұрақтарға жауап ретінде "ВТБ Банкінің бизнес кеңестері" айдарында назарларыңызға ұсынамыз.

Ақша ағындарын бақылау үлкен бизнесте ғана емес шағын кәсіпте де өте маңызды. Көбінесе шағын бизнес иелері басқа басымдықтарға мән беріп, ақша ағынын бақылауды ысырып қояды. Дегенмен ақша ағынын бақылау - бизнестің дамуының басты тетігі.

Ұзақ жоспарлау 

Ақша қозғалысын кем дегенде 12 айға жоспарлауға тырысыңыз. Артынша  жоспарларыңызды түзете аласыз. Түзету қажет болып жатса, қорқудың қажеті жоқ. Өйткені ол бизнесіңіздің ойдағыдай дамып келе жатқандығын немесе керісінше, тәсілдерді қайта қарауды қажет ететіндігін көрсетеді. Мұндай ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізгі мақсаты - ықтимал тәуекелді анықтау. Ең үлкен тәуекел - сіздің бизнесіңіздің тез дамуы. Бизнес дамыған сайын, тұтынушылар саны өсіп, кәсібіңіз жаңа деңгейге көтеріледі. Алайда мұның өз кемшіліктері бар. Бизнестің тез дамуы тауарлық-материалдық құндылықтар мен басқа да шығындардың өсуіне алып келеді. Осылайша, керек болған жағдайда қолданатын қаражатыңызды шығындарға жұмсап, бизнестің кері кетуіне жол беруіңіз мүмкін. Ақша ағындарын алдын ала болжау шығындардан аулақ болуға, қажетті қаражатты орынды пайдалануға көмектеседі.

Қарызыңызды бақылаңыз

Несиелік қарыздарыңызды уақытында қайтарып, жеткізушілердің уақытын алмау үшін жағдайды қадағалап отыруыңыз шарт. Бұл - айтарлықтай қиын іс емес. Тұтынушыларыңыз уақытылы төлем жасамаған кезде сізде қолма-қол ақша жеткіліксіздігі байқалады. Мұндай жағдайда жеткізушіге беретін қосымша қаражаттың болуы шарт. Жағдайдан шығудың екі жолы бар. Бірі жеткізушінің қаражатын кешіктіріп, абыройыңызға нұқсан келтіресіз. Екіншісі, айналымдағы ақшаны толтыру үшін банктен бизнес-несие аласыз. Мұндай жағдайда сенімді банкпен жұмыс жасаудың маңыздылығы жоғары. Мәселен, ойламаған жерден карантин жарияланса, оқыс жағдай кезінде сенімді қаржылық серіктес қажет болады. Сондықтан банкті таңдар кезде бірқатар мәселелерге мән берген абзал. Бұл ретте ВТБ Банк (Қазақстан)тұрақты әрі сенімді серіктес екенін айта кеткен жөн. Ол тек несиелендіріп қана қоймай, сіздің ақша айналымыңызды тұрақтандырып, дамытуға ықпал ететін болады. ВТБ Банктің шағын бизнесті несиелендіруі туралы толығырақ келесі сілтемеден біле аласыз.

Сіздің жағдайыңызды түсінетін банк табыңыз

Кәсіпкерлердің банкпен қарым-қатынасы ұзақ мерзімді байланысқа құрылуы шарт. Банк тұрақты тұтынушы табатын болса, сіз өз қаражатыңызды сақтай алатын және қажет жағдайда бизнес-несие алуға болатын қаржы орталығымен байланыс орнатасыз. Банкпен достық байланыста болу өте маңызды. 

Қаржыландыру және оны қаражатыңыздың айналымы бойынша синхрондауға кеңес алып отыру үшін үнемі байланыс орнатқан абзал. Ең дұрысы, сіздің банкіңіз сізге тиімді және сіздің ақша ағындарыңызды көбейтетін шешімдер ұсынуы керек. Сенімді серіктес ретінде BTБ банктің бизнес-несиелендіруін ерекше назарға ала кеткен жөн. Банк кәсіпкерлермен жұмыс кезінде компания қаражатын дұрыс басқару бойынша кеңестер береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді ынтымақтастықпен тұрақты клиенттерге жеңілдіктер, бонустар және ең қолайлы тарифтер ұсынылады.

Қаржылық серіктес таңдағанда міндетті түрде банктің несиелік рейтингіне назар аударыңыз. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, банк соғұрлым сенімді болады. Бизнесте әртүрлі апаттар мен форс-мажорлық жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан кез келген кәсіп иесі үшін сенімді қаржылық көмекші табу өте маңызды.



 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау