Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнесті дамыту үшін несиеге алған қаражатты қалай дұрыс пайдалануға болады?

Бизнесте кәсіпкер қаржылық қиындықтардан құтылу үшін несиеге жүгінеді. Алайда көп жағдайда алынған несие дұрыс иегерілмей, кәсіпкер қарызға кіріп кетеді. Осындай қателіктерді болдырмау мақсатында бизнесті дамыту үшін жалға алынған қаражатты қалай дұрыс пайлануға болатыны туралы ВТБ банк кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Кәсіпкерлерді бизнесті "өз бетінше" және "қарызға алу" арқылы жүргізетін деп екіге бөліп қарастырсақ болады. Кәсіптің екі түрінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Дегенмен, тетігін тапсаң, қай бизнесті болмасын дамытыуға болады. Несие алу арқылы да бизнесіңізді өркендетіп, өзіңіздің қаржылық тұрақтылығыңызды қамтамассыз еткіңіз келсе, ВТБ банк кеңестеріне құлақ асыңыз. 

Несие қарапайым ережелер мен бағалаулар арқылы компанияның дамуына қызмет ете алатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан, әуелі қарызға алынған ақша бизнестің өсуіне қалай әсер ететінін қарастырғаныңыз жөн.

Ақшаны айналымда ұстаңыз

Бизнесте сатылымды көбейтіп отыру өте маңызды. Әрине бір рет қаражат салып, кәсіпті өздігінен дамытуға болады. Бірақ ол көп уақытты талап етеді. Егер біз ақшаны маусымдық сатып алу үшін айналымнан алсақ, онда қазіргі сатылым бағамы төмендейді.  Алайда бұл табысты қарыз қаражатын тарту арқылы бірнеше есе өсіруге болады. Несие қаражаттары айналымда қалып, пайда табу үшін қажет екенін ескеріңіз.

Несиені қаражат табудың тұтқасы ретінде қарастырыңыз

Шағын бизнестің орта бизнеске айналуы үшін сізге тауар айналымын арттыру қажет. 

Қаржылық тұтқа - бұл компанияның қарыз капиталының меншікті қаражатқа қатынасы. Көбінесе бұл термин компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қолданылады. Есіңізде болсын, қарыз капиталы меншікті капиталдан қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.

Меншікті капиталдың қайтарымы жаңа соманың ескі бағадан қанша көп екенін көрсетеді. Бұл бизнестің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Несиенің әсері оның меншікті капиталдың кірістілігін қаншалықты арттыратындығымен өлшенеді.

Қолма-қол ақша болмаған жағдайда несие алу бизнес үшін маңызды

Шағын бизнес қолма-қол ақшаға қажеттілік туындаған кезде несиеге жүгінеді. Мысалы, клиент қаражатты уақтылы төлемеген ал сіздің құрылғыңыз істен шығып қалды делік. Мұндай жағдайларда екі жол бар - ақшаны айналымнан шығару немесе несие алу. Әрине осы тұста несиеге ақша алу әлдеқайда тиімді болады. Себебі айналымдағы қаражатты құрылғыға салатын болсаңыз, сіздің табысыңыз әлдеқайда төмендейді.

Егер сіз өз бизнесіңіздің дамуы үшін несие алу туралы ойлап жүрсеңіз, ВТБ Банк ұсыныстарын қарап көріңіз.

Толық кеңес алу үшін сіз 5050 нөміріне хабарласуыңызға немесе үйден шықпай-ақ несие алу үшін онлайн-өтінім қалдыра аласыз.

Бизнесті несие алу арқылы қаржыландыру дұрыс қолданылған жағдайда, бизнестің өсуін жеделдетеді және оның тиімділігін арттыратын маңызды қаржылық капитал болып табылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау