Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронадағдарыс жағдайында несиені қалай алған дұрыс?

Коронавирус адамдардың өміріне ерекше әсер етті. Халықтың табысы қысқарып, қажеттіліктері  көбейді. Әсіресе, салымшылар мен несие алушылардың жағдайы қиындай түсті. Коронадағдарыс кезінде несиені дұрыс алудың бірқатар жолдары бар.  "ВТБ (Қазақстан) Банкінің бизнес кеңестері" айдарында жеке қаржыңызды дұрыс пайдалану жолдары туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. 

№1 кеңес - «Қатты қажет болған жағдайда ғана несие алыңыз».

Несие алушылардың басым бөлігі уақытша қажеттілігі үшін қарызға батады. Ол бас тартуға болатын, маңызы жоқ заттар болуы да мүмкін. Сондықтан, несие алатын адамдардың ай сайынғы төлемі қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келмей жатады. Мұндай кезде жағдай күрделене түседі. Нәтижесінде, дағдарыс кезінде несие алушылардың қарызын төлей алмай қалу қаупі басым. Бұл адамдар алғашқылардың бірі болып банктерге несиені кейінге қалдыру туралы өтінішпен жүгінеді. 

№2 кеңес - «Несие төлеуді кейінге қалдыру, мүлдем төлемеу деген сөз емес».

Көптеген несие алушылар "төлемді кейінге қалдыруды" несиені төлемеудің заңды тәсілі ретінде қабылдайды. Алайда тек карантин кезінде табысының қысқарғанын дәлелдей алған адамдар ғана несиені төлеуді кейінге қалдыра алады. Мұндай жағдайда несие алушы бірнеше уақыт ішінде қаржылық мәселелерін шешіп, несие төлеуді жалғастырады деп болжанады. 

№3 кеңес - «Келісім шартты оқып, ақшаны санауды естен шығармаңыз».

Статистика бойынша, банк клиенттерінің тек үштен бір бөлігі ғана келісім шарт пен оның қосымшаларын мұқият оқып шығады. Келісім шарттың әр тармағын мұқият оқып шығуды ұмытпаңыз. Пайыздық алымдар мен айыппұлдар туралы тармақтарға ерекше назар аударыңыз.

Мысалы, қарыз алушылар санкциялар көрсетілген несиені мерзімінен бұрын өтеу туралы ережеге мән бермейді. Нәтижесінде, несиеден тез құтылғысы келіп, алдын-ала төлем жасайды. Несие алушылардың басым бөлігі қарызды алдын ала жапқаны үшін де ақша төлеу керек екенін білмей жатады. 

№ 4 кеңес - «Несиені бір адам алып, барлығы төлейтінін ұмытпаңыз».

Егер несие уақытша тілектер үшін емес, қажетті заттарға алынса, жалғыз шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Статистикаға сүйенетін болсақ, несие алушыладың ішінде ажырасқан, жалғызбасты немесе үйленбегендерге қарағанда отбасылы адамдар саны әлдеқайда аз. 

Егер көп мөлшердегі несие алатын болсаңыз, шешім басқа адамдармен келісе отырып қабылдануы керек. Яғни, несиені бір адам алғанымен, екінші бір адам төлеуі мүмкін. Сол себепті, несие алу туралы шешім ортақ болуы керек. Өйткені, отбасы табысының 30-40%-ы несиеге кететін болса, екінші адамның жалақысы "қауіпсіздік жастығына" айналады.

№ 5 кеңес - «Қарызды өтеуге арналған "Б" жоспарын құрыңыз».

Кейде шамадан тыс артық нәрселерден бас тарту лайықты соманы үнемдеуге және несиені мерзімінен бұрын төлеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, егер келісім шартта алдын ала төлем туралы санкция болмаса, сақтандыру үшін минималды төлеммен максималды мерзімге несие алып, төлемдерді тез қайтару үшін талап етілетіннен 10-25% артық төлеген дұрыс. Бұл сіздің банк білмейтін жоспарыңыз болуы керек. 

Осы кеңестерді ескере отырып, ВТБ (Қазақстан) Банкінен несие алу мүмкіндігін қарастырсаңыз болады. Несие алу туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге ​​болады және несие алуға онлайн-өтінім қалдыра аласыз.



03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 Банктік және өзге операцияларды жүргізуге және құнды қағаздар нарығындағы қызметке лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау