Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орта және шағын бизнеске арналған депозит

Шағын және орта бизнес салымдары - ақшасының өздігінен жұмыс істегенін қалайтындар үшін ыңғайлы және сенімді қаржылық құрал. Сізге валюталардың, акциялардың немесе металдардың бағамдарын қадағалап, нарыққа үнемі талдау жасап отырудың қажеті жоқ. Қаражатыңызды банкке салғаннан кейін, мамандар сіздің салымыңызды оңтайландыру жолдарын қарастыратын болады. Ал сіз кепілдендірілген табысқа кенелесіз. Шағын және орта бизнеске тиімді депозитті қалай таңдау керек және депозит ашудың жолдары туралы "ВТБ (Қазақстан) Банкінің бизнес кеңестері" айдарында айтатын боламыз.

Бизнес депозит - пайыздық табыс табу үшін банктерге сақтауға берілген қаражат. Ол қаржыны тиімді басқаруға, капиталды қаупсіз жерде сақтауға және қосымша пайда табуға көмектеседі. 

Шағын және орта бизнеске арналған депозиттердің артықшылығы - қазіргі маусымға байланысты бизнеске салынбаған немесе міндетті төлемдерге арналған бос әрі айналымға түспеген ақшаны жұмыс істетуге арналған үлкен мүмкіндік.  Мұндай қаржыны сіз инвестицияға салып, акцияңызды арттыруға пайдалана алмауыңыз мүмкін. Ал депозит - бұл тәуекелсіз кепілдендірілген табыс түрі. Әсіресе депозитіңіз ВТБ (Қазақстан) Банкі секілді еліміздегі үздік әрі сенімді банктердің бірінен ашылса, сіз үшін тиімділігі жоғары болмақ. 

Қаражатыңызды қандай банкке сеніп тапсыруға болады?

Депозит ашатын қаржы институтын таңдау кезінде бірнеше шарттарға назар аудару қажет:

  • мекеменің сенімділігі, қаржылық жағдайы, несиелік рейтинг;
  • банктің имиджі;
  • қызмет көрсетуге арналған депозиттік тарифтердің мөлшері.

Маңызды критерийлер қатарына банктің сенімділігі мен қаржылық жағдайы да кіреді. Қаржылық ұйымның өтімділігіне, оның құрылтайшысы кім екеніне назар аударған жөн.

Бірақ ең бастысы -  банктің несиелік рейтингі. Оны халықаралық агенттік бағалайды және рейтинг банктің өз міндеттемелерін қаншалықты дұрыс атқаратынын көрсетеді. Рейтингі "С" деңгейінен жоғары болса банк сенімді болып есептеледі. Мәселен,  S&P Global Ratings мәліметі бойынша ВТБ (Қазақстан) Банкі еліміздегі екінші деңгейлі банктерінің ішіндегі несие рейтінгі "BB+/B/Тұрақты"  жоғарғы банктердің бірі.

Шағын және орта бизнес үшін қолайлы депозитті қалай таңдауға болады?

Банктердің бірін таңдағаннан кейін, депозит түрін анықтауыңыз керек. Салымшы өзіне қай депозит түрін тиімді деп тапса, соны қолдана алады. Әдетте салымшылар пайыздық мөлшерлеме мен қойылатын шектеулерге мән береді. Алайда алдымен депозит ашудың шарттарын білу керек.

Бизнеске арналған салымдардың түрлері туралы ВТБ(Қазақстан) Бакінің сайтынан біле аласыз.

Депозит таңдамас бұрын салымшы, өзіне не керек екенін анықтап алғаны жөн. Мысалы, көбірек ақша тапқыңыз келе ме, айналымға енбеген ақшаңызды қауіпсіз жерде сақтамақсыз ба, жоқ әлде аз да болса ақшаңыздың өскенін қалайсыз ба деген секілді сұрақтарға жауап беру қажет.

Егер біршама ақшаңыз бар және ол алдағы уақытта қажет болмаса, ұзақ мерзімді депозитті таңдаған дұрыс. Ол көп табыс алып келеді. Ал артық ақша белгілі бір уақты аралығында ғана қолыңызға түссе, үнемі толтырып отыруға болатын жедел салым тиімді болмақ.

03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 Банктік және өзге операцияларды жүргізуге және құнды қағаздар нарығындағы қызметке лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау