Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнеске ұжымдық карталар не үшін керек?

Ұжымдық карта — әдеттегі бәріміз қолданатын банк картасы, бірақ оның өзгешелігі тек заңды тұлғаларға арналғандығында. Ұжымдық карталармен қызметкерлер көлікке, іссапар, өкілдік және кеңселік шығындарды төлейді. Ұжымдық карталардың тиімділігі мен түрлері жайлы толығырақ білу үшін ары қарай оқыңыз.

Ұжымдық картаның негізгі артықшылығы — өз есептік шотың тәулік бойы қолжетімді болады.

Өз қызметінің ауқымына, бейінді ерекшелігіне және үнемі туындайтын міндеттерге байланысты бизнес өзіне қолайлы ұжымдық картаның түрін таңдай алады.

Мәселен, ВТБ Банк (Қазақстан)  клиенттері үшін ұсынатын ұжымдық карталардың мынадай артықшылықтары бар:

  • Есептік шотыңыз тәулік бойы қолжетімді;
  • Компания тарапынан жедел төлем құралы (жеткізушілерге картамен төлеу);
  • Бухгалтерлік есеп рәсімдерін оңайлату (көшірмелерді автоматты түрде қалыптастыру);
  • Компанияның шығындарын онлайн режимінде бақылау (үйден шықпай-ақ);
  • Кез келген банкоматтағы өзінің есеп айырысу шотынан ақша алу мүмкіндігі есебінен уақытты үнемдеу және шығындарды оңтайландыру;
  • Инкассация процесінің сапалылығы: қызметті күтудің немесе банкке барудың қажеті жоқ, кез келген банкоматта және ИПТ-да толтыруға болады;
  • Қызметкерлерге карталарды беру және оларға ақша аудару мүмкіндігі;
  • Банк картасы бойынша банкоматтар камераларынан бейнежазбаларды ұсыну.

Төменде ұжымдық карталарды пайдаланудың 4 тиімді жағдайын қарастырамыз.

Бизнес-шығындарыңыз көп пе?

Бизнес-шығындар — кеңсе жабдықтарын сатып алуға, іссапарларға, ұжымдық сапарларға, заңгерлер мен есепші қызметіне кететін шығындар. Әрине, оларға кассадан қолма-қол ақша беруге болады, дегенмен бұл қолайсыз, себебі ол үшін алдымен бюджетті келісу, банктен қаражат алып, содан соң кассаға салу керек. Ал жауапты қызметкер қаржыны жоғалтып алуы да мүмкін. Одан бөлек, қаражатты есеп үшін рәсімдеу тәртібі қызметкердің де, есепшінің де ұзақ уақытын алады, қиындықтар келтіреді. 

Картаны комиссиясыз толтыру

Банктер аударым сомасымен өсетін комиссияларды белгілейді. Қызметкердің жеке картасына ақша аудару басқа жеке тұлғаларға қолма-қол ақшасыз төлемдер лимитін азайтады. Бұл  дегеніміз, сіз жалақы жобасымен жұмыс жасап шектен асып кетсеңіз, сізге қосымша комиссия алынады деген сөз.

Жалақы аударғаныңызды дәлелдеудің қажеті жоқ

Жеке тұлғаның пайдасына түсетін жиі аударым - бұл жалақы. Жалақы аударылғаннан кейін жұмыс беруші әлеуметтік салық төлеуі керек. Әрине, шығындалған қаржы қызметкердің табысы емес, салық органы компанияның қажеттіліктеріне жұмсалғанын растайтын құжаттарды сұрай алады.

Ұжымдық картадағы шығындарды бақылай аласыз

Банк мобильді банкте немесе СМС арқылы карта бойынша транзакциялар туралы хабарлайды. Жеке кабинетте сіз ақшаны алу және сатып алу лимиттерін жедел өзгерте аласыз. Ал қызметкердің жеке картасындағы қолма-қол ақша мен қаражат шығынын қадағалау мүмкін емес.

Саяхат алдында валюта ауыстырудың қажеті жоқ

Тіпті карта теңгелік есеп айырысу шотына байланған болса да, қызметкер оны еуромен төлей алады. Егер сізде валюталық шот болса да, картаның пайдасы зор — онымен ақша айырбастау қажет емес, демек, сіз бағам айырмашылығынан ұтылмайсыз. Айырбастау автоматты түрде банк бағамы бойынша жүргізіледі.

Іссапарларға жиі шығасыз ба?

Іссапарларға, әсіресе шетелге бару билеттердің, қонақүйлердің және валюта айырбастаудың есебінен шығындарды арттырады. Бұл мәселелерді шешуге ұжымдық карталар көмекке келеді.

Ұжымдық картаны бірден толтыра аласыз

Қызметкердің ұжымдық картасын кез келген уақытта, тіпті ол ұшақта болса да толтыруға болады. Бұл жоспарланбаған іссапарларда маңызды.

Көлік тізгінінде көп уақыт жұмсайсыз ба?

Жолдағы негізгі шығын - жанар-жағар май. 

Сіз шығын лимитін орнатып, шығындарды бақылай аласыз. Сондай-ақ жанар май үнемдейсіз.
Карта шығынын жолда қажет болатын сомамен ғана шектеуге болады. Егер көлігіңізге шұғыл жөндеу қажет болса, жүк көлігі қызметі немесе басқа да күтпеген шығындар қажет болса, сіз онлайн-банкинг арқылы шектеуді алып тастай аласыз.

Сондай-ақ ұжымдық карта сізге жанармайдың кім, қанша мөлшерде, қандай бағаға және қашан құйғанын бақылауға мүмкіндік береді. 

Тек қолма-қол есеп айырысуға үйренгенсіз бе?

Кассадан ақша беру оңай. Бірақ кассада қолма-қол қаражат болмаса не істеу керек? Мәселе компанияның шығынға кіргенігінде емес, барлық есептеулерді қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізетіндігінде болуы мүмкін.

Егер сізде қолма-қол ақша болмаса және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға үйренген болсаңыз, бұл карта сіз үшін тиімді болмақ.

ВТБ Банк (Қазақстан) ұжымдық карталардың екі түрін ұсынады: жеке кәсіпкерлер үшін (жеке тұлғаға бір карта ресімделеді) және заңды тұлғалар үшін (компанияға ресімделеді, картаның шектеусіз санын ресімдеуге болады).

Корпоративті картаны таңдаған кезде ыңғайлы артықшылықтарға назар аудару керек. Мысалы, Банк ВТБ карталары тұтынушыларға мынадай артықшылықтар ұсынады: әлемдегі кез-келген банкоматтан комиссиясыз қолма-қол қаражат шығары; картаға шығындарды өз бетінше белгілеу мүмкіндігі; валюталардың төрт түрі: KZT, USD, RUB, EUR; вексельдерді жедел төлеу; Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар; SMS және PUSH - хабарламалар жіберу.

Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу көп уақыт пен тыңғылықты жұмысты қажет етеді. Есепші де, кәсіпкерде оған мүмкіндік бола бермейді. Жалақы және ұжымдық карталары сияқты тиімді құралдар көптеген қаржылық операцияны едәуір жеңілдетеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау