Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина алмағандарға айыппұл салынуы қаншалықты дұрыс? Заңгер жауап берді

Екпе алмағандарды жұмысқа кіргізбей айыппұл салу қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа заңгер Нұржан Рахметов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізгені үшін мекемелерге айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 14 500 теңгеден басталып, ірі кәсіпорындарға 1 458 500 теңге айыппұл көзделген. Мемлекеттің бұндай қадамға баруы қаншалықты заңды?

“Атап өту керек мемлекет тарапынан жасалатын әрбір іс-әрекет заң нормаларына негізделген. “Халық денсаулығы” туралы заңның 104 бабына сәйкес санитарлық дәрігер шектеу шараларын қолдануға өкілетті. Бұл Конституцияның 39 бабында да қарастырылған”, – дейді Нұржан Рахметов.



ПТР сынама мен вакцина алмаған жағдайда жұмыстан шеттетілу керек. Ал ол үшін жалақы да, әлеуметтік төлем де берілмейді. Бұл дұрыс па?

“Бұл жерде өкілетті орган, яғни бас санитарлық дәрігердің актісін орындамағаны үшін сізді жұмыстан шеттеді. Еңбек Кодексінің 48 бабында жалақы сақталмайды деп тура қарастырылған. Барлығы заң аясында іске асады”, – дейді заңгер. 

 

Талқылау