"Ұшақ ұшырылады, жол жабылады": Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады

25-29 мамыр аралығында Астана аспанында әскери техника пайда болады, ал кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға ескерту жариялады.
"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", – делінген хабарламада.
Бұл шараларға мамандандырылған мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және Қазақстан Қарулы Күштерінің ресурстарын, соның ішінде әскери ұшақтар мен жабдықтарды пайдалану кіреді.
Сонымен қатар осы күндері Астанада қорғаныс министрлігінің ұшақтары ұшпақ.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан осы маңызды халықаралық іс-шара кезінде қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарау сұралды.
Еске салсақ, 27 мамырда Путин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келетіні айтылды.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Оқыңыз