Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші болып қалатынын мәлімдеді
Қаза болған Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел оның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін ол соттан өзін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұраған. Алайда сот отырысының басында судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Кейін судья Меруерт Абаева Әділет Зейнелден бұрын берген өтінішіне қатысты ұстанымын қайта нақтылады.
"Сіз жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішіңізді қолдайсыз ба? Әлде осы іс бойынша жәбірленуші ретінде қатысуды жалғастырасыз ба?" – деп сұрады судья.
Осыдан кейін Әділет Зейнел бұрынғы өтінішінен бас тартып, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қалатынын мәлімдеді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
