Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Ресейді жүздеген тұрғын жасырынған театрды бомбалады деп айыптады: Қазіргі уақытта не белгілі

Ресей әскерилері екі аптадан бері қоршауда қалған Мариупольге соққы жасауда. Қалаға күніне орта есеппен 50-100 бомба тасталады екен. Украина билігінің мәліметінше, осындай бомбалардың бірі жүздеген бейбіт тұрғын жасырынған қалалық драма театрына түскен. Бастапқыда қаза тапқандар саны көп болуы мүмкін екені айтылған, алайда кейінірек жертөленің зақымдалмағаны және тұрғындардың сыртқа шыға алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

театр

17 қаңтарда Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Сергей Тарута Facebook парақшасында Мариупольдегі театр жертөлеседегі бомбадан жасырынуға арналған пананың бұзылмағаны жайлы жазды. 

"Қирандыларды жинады, адамдар аман-есен шығып жатыр", - деді ол. 

Бұдан кейін тірі қалғандар туралы ақпарат жарияланбаған, себебі әскери іс-қимылдардың тоқтамауы бұған мүмкіндік бермейді екен. 

"Кеше және бүгін тоқтаусыз атылған оққа қарамастан, мүмкін болғанша қирандылар жиналып, адамдар құтқарылды. Зардап шеккен туралы мәлімет нақтылануда", - деді Мариуполь қалалық кеңесінің өкілдері. 

Сондай-ақ Мариуроль мэрі адамдарды құтқару атысқа байланысты мүмкін болмай отырғанын жазған. 

"Әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Өкінішке орай, адамдардың тірі екені жайлы ақпарат әлі тарап жатыр. Алайда дерек расталмай тұрып бұлай мәлімдеу жауапсыздық деп есептеймін", - деді қала мэрі Петр Андрющенко. 

Мариуполь билігі қазір 350 мыңнан аса адамның жертөлелерде бомбадан жасырынып отырғанын айтқан. 

"Қаланың тұрғын үй қорының 80%-ы қираған, оның 30%-ы қалпына келтіру жарамайды", - деп жазды қалалық кеңестегілер. 

Қалаға 16 күннен бері соққы жасалып жатыр. Алайда тұрғындарды шығару үшін қауіпсіздік дәліздері тек жақында ғана іске қосылған және жеке көліктерге арналған. Мариупольден барлығы 30 мың адам кеткен. Украина билігінің мәліметіне сүйенсек, операция басталған уақыттан бері қаланың 2 400 тұрғыны қаза тапқан. 

Театрда не болған?

Қала билігі Донецк қалалық драма театрында бомбалау кезінде 1 200 адам жасырынғанын айтты. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы театрға тамақ пен су жеткізген азаматтардың сөзін негізге алып, театр жертөлесінде 500-700 адамның болғанын мәлімдеген. 

Қалалық билік өкілдері Мариупольге шабуыл жасалған соң театр жертөлесін бомбадан жасырынуға арналған панаға айналдыру туралы шешім қабылданғанын айтқан. 

Мариуполь тұрғыны Татьяна (кейіпкер есімі өзгертілген) 10 күн бойы театр жертөлесінде баласымен бірге болған. Сөзінше, бастапқыда тамақ жетпеген, кейін жертөледе ас үй ұйымдастырылыпты. Татьяна қаладан 15 наурызда, соққы жасалардан 1 күн бұрын кетіп қалған. 

"Біз кеткен күні де ғимаратқа соққы жасалды. Маңындағы үйлер қираған, кейбірі жойылған. Жиі оқ атылғандықтан жылдам кету керегін түсіндік. Театрда мыңға жуық қалған, себебі көліктері болмады. Арасында төрт-бес айлық сәбилер бар", - дейді Татьяна. 

Human Rights Watch ұйымы жалғыз Татьянаның ғана театрдан кетпегенін айтады. 



Ал Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде қала орталағындағы театрдың еш уақытта нысанаға алынбағаны айтылған. 

Украинаның әуе соққысына қатысты нұсқасы

Театрға соққы 16 наурызда жасалған. Мариуполь қалалық кеңесінде ресейлік әскерилердің театрды қасақана жойғанын айтқан. 
Театрға бомба тасталғаны туралы ақпаратты "Азов" батальоны таратқан. "Азов" Ресейді геноцид жасады деп айыптады.

"Теңіз жағалауындағы бейбіт тұрғындарға соққы жасаған ресейлік әскерилердің қатігездігін сипаттау мүмкін емес. Жау нысанасында әйелдер, балалар мен қарттар бар. Бұл – мүлде қарусыз адамдар. Ресейдің жалғыз мақсаты геноцид екені анық", - деді "Азов" батальоны өз мәлімдемесінде. 

театр

Спутниктен жасалған сурет

Кейін Maxar коммерциялық компаниясының спутнигі жасаған сурет жарияланды. Мұнда театрдың екі жағында жерге "Балалар" деп жазылғанын көруге болады. 

Сурет 14 наурызда түсірілген, алайда Human Rights Watch ұйымы жерден түсірілген басқа фотосуретті жариялады. Алайда жазудың 16 ақпанда болғанын растайтын сурет әлі жарияланбаған.

Сарапшылардың сөздерінше, әуе соққысы кезінде ұшқыштар нысанды жердегі жазуға емес, координата арқылы нақтылайды екен. 

"Әзірге нақты ақпарат жоқ. Сондықтан театр маңында Украинаның әскери нысаны болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ біз театрда 500-ге жуық бейбіт азаматтың болғанын білеміз", - деді Human Rights Watch ұйымының жанжалдар бойынша маманы Белкис Уилле. 

Соққыға қатысты Ресей нұсқасы

16 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі сол күні Мариуполь аумағындағы жер үсті нысандарына соққы жасалмағанын мәлімдеген. 

Жарылысқа Ресей Украинаны айыптады. Сөздерінше, Украина әскерилері арандату үшін ғимаратқа бомба қойып, өздері жарып жіберген. Алайда Мәскеу бұған ешқандай дәлел келтірмеді. 

"Қаладан кеткен босқындар театр ішінде "Азов" батальонының бейбіт тұрғындарды тұтқында ұстап отырғанын айтты. Лаңкестердің мәдениет нысанын жару арқылы арандатып отырғанына сенімдіміз", - деді Вашингтондағы Ресей елшілігі. 

Сонымен қатар ресейлік БАҚ өкілдері Мариупольден кеткен босқын әйелдің сөзін негізге алған. Әйел репортажда "Азов сарбаздарының тұрғындардың артына жасырынғанын" айтқан. Телеарна сюжетінде әйелдің айтқан сөздері монтаждалып, кадрларды қосу арқылы "бомбадан жасырынуға арналған панадан шегінген соң театрды қиратты, ал адамдарды бізге жарақаттармен алып келді" деген сөйлемді жариялаған.

Куәгердің аты-жөнін және айтқан сөздерін толық көрсетпеген. Сонымен қатар әйел нақты қайда шегінгені туралы айтпаған, себебі қала әлі де Украинаның бақылауында, әрі толассыз атып жүріп жатыр. 

Бұған дейін Украинада басып алынған аумақтардың қайта интеграциялау бойынша уақытша министрі Ирина Верещук тұрғындарды бейнеүндеу жазуға шақырған. 

"Қазір ресейлік БАҚ Мариупольден гуманитарлық дәліз арқылы шыққан адамдарға шабуыл жасап жатыр. Арандатушылар "Азов" батальонының тұрғындарды қаладан шығармай қойғаны туралы камера алдында айтуды талап етуде. Олар тағы да жалған ақпарат дайындап жатыр", - деді Ирина Верещук. 

Италия билігі Украинаға Мариупольдегі қираған театрды қалпына келтіру мәселесінде көмектесуді ұсынған. 

"Министрлер кабинеті менің Украинаға театрды қалпына келтіру үшін қаржы мен материалдар беру туралы ұсынысымды қабылдады. Себебі театр барлық адамдарға тиесілі", - деді Италияның мәдениет министрі Дарио Францески. 

Театрдың негізі 1887 жылы қаланған. Бұған дейін театр екі ғимарат ауыстырып үлгерген. 

Айта кетейік, бұған дейін Украинаның Чернигов қаласында нан кезегінде тұрған адамдарға оқ атылғаны туралы хабарлаған едік. Қанды оқиға 16 наурызда болған.

Талқылау