Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталса, теңге қайта күшейеді - Экономист

Алдағы уақытта доллар бағамы қандай болады? 1000 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе? Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде және әлемде орын алған соңғы жағдайларға байланысты доллар бағамына қатысты алып-өашпа әңгімелер көптеп таралуда. Сондай ақпараттардың бірінде доллардың құны 1000 теңгеге дейін баратыны айтылған. Мақсат Халықтың айтуынша, мұндай болжамның ешқандай экономикалық негізі жоқ. 

Ал бұл сөзді таратып жүргендерді "ақымақ адам" деп айтуға болады. Десе де, экономист теңгенің жағдайына қатысты нақты болжам жасау қиын екенін растап отыр.

"Бірақ сценарийлер мынадай: Егер Ресей мен Украина арасындағы соғыс жалғаса беретін болса, әрине ол біздің теңгемізге тағы қысым түсіреді.

Салмақ түсіріп тұрған тағы бір фактор Американың федералды жүйесі доллардың пайыздық мөлшерлемесін көтереді. Ол доллардың құны өседі деген сөз. 

Олай болса, онда өзге елдердің валюталарының бәрі құнсызданатын болады. Сондықтан бұл жерде көңіл бөлетін маңызды мәселе - алдағы уақытта теңге тағы құнсыздануы мүмкін. 

Бірақ олар қанша пайызға өсіреді? Егер 0,5 пайыз көлемінде өссе, ол қатты әсер ете қоймайды. Ал егер 1 пайыздан жоғары болса, теңгемізге әсер етеді.



Ресей мен Украина арасы нақты келісімге келсе, теңгеміз қайта күш ала бастайды. Бұл сценарийді жоққа шығара алмаймыз, өйткені мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткіште болып отыр. 

Ол деген сөз, Қазақстанның сыртқы экспорттық әлеуеті жақсарады, теңгеге де оң әсерін тигізеді", - дейді Мақсат Халық.

Сондай-ақ, маман күн санап бағасы шарықтап бара жатқан көліктерге қатысты пікір білдірді. 

"Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейден арзан көлік алып үйреніп қалдық. Ал енді қарасақ, ол көліктерді Ресейдің өзі құрастырмайды екен. Олар құраушы бөлшектерді шетелден алып келеді. 

Соның нәтижесінде Ресейдің "Автопромы" тұрып қалды. Соның бәрі көлік бағасының өсуіне әсер етті", - дейді экономист. 
 

Талқылау