AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 доллар – 1 000 теңге": Қазақстанда алыпсатарлар жарнама сайттары арқылы доллар сатуға көшкен

Еліміздегі бірқатар банктер мен ақша айырбастау орындары долларды сатып алғанымен, оны жеке қолға сатып жатқан жоқ. Мұны пайдаланған алыпсатарлар шұғыл түрде АҚШ валютасы керек азаматтарға долларды ғаламтордағы жарнама сайттары арқылы өткізіп жатыр. Бірақ ойына келген бағамен есептеп, ресми курстан әлдеқайда жоғары саудалауда. Бірі бір долларды 600 теңгеге бағаласа, енді бірі тіпті 1000 теңгеге дейін көтеріп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

доллар

15 наурыздан бастап құны он мың доллардан асатын қолма қол шетел валютасын елден шығаруға тыйым салынған. Президент жарлығынан кейін интернетте АҚШ долларын сататын жарнамалар қаптап шыға келді. Тіпті банктер мен ақша айырбастау орындарында доллар жетіспеушілігін пайдаланып, шетел валютасын нарықтық бағадан әлдеқайда қымбатқа саудалап, пайда тауып жатқандар көбеюде. Шетел валютасының еркін сатылымда жоқтығын пайдаланған алыпсатарлар 1 долларды 600 теңгеден бастап 1000 теңгеге дейін сатып жатыр.   

Валюта айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын емін-еркін сатып алу мүмкін болмағандықтан, шетелге жұмыс бабымен немесе оқуға шұғыл шығуы тиіс азаматтар амалсыздан долларды екі есе қымбатқа сатып алып жатқандарын айтады. Ал ақша айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы долларға сұраныс күрт көбейгендіктен, валютаның бұл түрі жетпей жатыр дейді. Бірақ бұл мәселе жақын күндері шешіледі деп сендірді. 



"Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер доллар тапшылығын логистика проблемасымен түсіндіреді. Бірақ бұл мәселені жақын күндері шешуге уәде береді. Соның салдарынан біз барлығын АҚШ валютасымен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Өйткені сұраныс ұсыныс көлемінен көбейіп кетті", –  дейді ҚР Ақша айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев.

Ал экономист Алмас Бейсембаев банктер мен ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары жеткілікті деңгейде болуы мүмкін дейді. Тек олар күн санап өсіп жатқан доллар әлі де қымбаттайтын болған соң, саудаға шығармай әліптің артын бағып отырғандарын айтады. Соның салдарынан АҚШ ақшасы қара нарықта ғана сатылып жатыр. Яғни айырбастау пункттеріндегі шектеуді пайдаланған алып сатарлар валютаның бұл түрінің құнын екі есеге өсіріп жіберген екен. 

"Доллар ресми бағам бойынша 520 теңге төңірегінде. Бірақ шын мәнінде доллар одан да қымбат болуы тиіс. Сол себепті банктер де, ақша айырбастау орындары да доллардың қымбаттағанын күтіп отыр. Соның салдарынан бәрі қара нарыққа ауысып кетті. Мемлекет оның алдын алу үшін қатаң шаралар қолдана алады. Бірақ бұл ештеңені шешпейді. Керісінше экономикалық жағдайды ушықтырып жібереді", - деп мәлімдеді экономист Арман Бейсембаев. 

Осыған ұқсас жағдай іргедегі Ресейде де болып жатыр. Батыс елдері салған санкциялардан кейін банктерге АҚШ долларын сатуға тыйым салынды. Есесіне қазір қара нарықтағы сауда қызып тұр. Онда бір доллардың құны екі жүз рубль, яғни бір мың теңгеге дейін жақындаған. Ресейліктер интернет хабарландыру сайттары арқылы да, тіпті әлеуметтік желілерде де шетел валютасын өздері қойған бағамен сатып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк долларды экспорттауға салынған тыйым туралы түсіндірген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр