Несие портфелінің өсімі бойынша Bank RBK ірі банктер рейтингінде көш бастады

2026 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторы өсімін жалғастырды. Негізгі көрсеткіштердің барлығында, соның ішінде кредит беру саласында да оң динамика байқалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір айда Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің жиынтық несие портфелі 1,1%-ға немесе 500 миллиард теңгеге жуық өсті. Бұл жыл басынан бергі айлық өсімнің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Сонымен қатар жекелеген банктердің көрсеткіштері әртүрлі болды. Қыркүйек айында Қазақстандағы 23 екінші деңгейлі банктің тек 12-сі несие портфелін ұлғайта алған. Ал қалған 11 қаржы ұйымында бұл көрсеткіш төмендеген.
Несие нарығының өсуіне елдегі ірі банктер негізгі үлес қосып отыр. Олардың еншісіне барлық несие портфелінің шамамен 92%-ы тиесілі.
Қазақстанның ірі екінші деңгейлі банктері арасында қыркүйек айында несие портфелінің өсу қарқыны бойынша Bank RBK көш бастады. Банктің несие портфелі 5,4%-ға өсіп, 1,8 триллион теңгеге жетті. Бұл банк секторы бойынша орташа айлық өсімнен едәуір жоғары. Сондай-ақ Bank RBK несие портфелінің абсолютті өсімі бойынша да бірінші орынға шықты. Бір айда оның несие портфелі 90,3 миллиард теңгеге ұлғайған. Осылайша, банк нарықтағы ірі ойыншылар арасында несие портфелінің жалпы өсіміне ең көп үлес қосты.
Өсу қарқыны бойынша екінші орынды Alatau City Bank иеленді. Оның несие портфелі 5,1%-ға артып, 1,3 триллион теңгеге жетті. Ақшалай өсім 64,3 миллиард теңгені құрады.
Үздік үштікті 2,5%-ға өсім көрсетіп, несие портфелін 3,2 триллион теңгеге жеткізген ForteBank түйіндеді. Бір айдағы өсім 77,8 миллиард теңге болды.
Ал үздік бестікке Home Credit Bank (2%) пен Отбасы банк (1,6%) те енді.

Несие нарығының негізгі сегменттерінің барлығында оң динамика тіркелді. Атап айтқанда, қаржыға жатпайтын заңды тұлғаларға берілген несиелердің көлемі бір айда 0,6%-ға өсіп, 17,4 триллион теңгеге жетті. Ал қаржы ұйымдарына берілген несие көлемі 13,3%-ға артып, 1,5 триллион теңгені құрады.
Жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі де 0,7%-ға өсіп, 26,7 триллион теңгеге жетті.
Бір жылда Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің жиынтық несие портфелі 12,4%-ға немесе 5,2 триллион теңгеге ұлғайды.
Осылайша, жекелеген банктердің көрсеткіштері әртүрлі болғанына қарамастан, Қазақстанның несие нарығында оң динамика сақталып отыр. Нарықтағы белсенді банктердің несие портфелінің өсуі сектордың жалпы көрсеткішіне елеулі үлес қосып, басқа банктердегі төмендеуді өтеп отыр. Нәтижесінде жекелеген қаржы ұйымдарының өсімі бүкіл банк нарығының тұрақтылығы мен одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 15 шілдеде берген №1.1.821.135 лицензиясы
"16 жасымда күштеп ұзатты": Зікірші Исматулланың қарындасы балалық шағындағы қорлықты айтты