Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қос құрбы 13-ші қабаттар секіріп көз жұмды

қыздар секіру
Фото: Видеодан скрин

Астанада тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына екі жасөспірім қыздың подъезге жыламсырап кіріп, ұзақ сөйлескені түсіп қалған. Көршілері қыздардың бірі бұл үйге Қосшыдан жуырда әжесімен көшіп келгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 9 қараша күні кешке Әнет баба көшесіндегі 13 қабатты үйде болған. 

“Айғай-шу шығып, бір әйелдің бақырған дауысы естілді. Сосын терезеден қарап еді, біраз кісі жиналып қалыпты. Бір-екі кісінің мәйіті жатты”, “Осы үйде, тоғызыншы қабатта тұрды. 13-қабатқа бірге көтеріліп, сол жерден төменге секіріп кеткен. Біреуінің анасы Америкада деп естідім, ал әкесі жоқ”, – дейді көршілері. 

Құрбылардың подъезге кіргені, жүріп-тұрғаны түгел бейнебақылау камерасына жазылыпты. Тергеу амалына байланысты құзырлылар бұл кадрларды көрсетуге тыйым салды. Тек белгілісі, марқұм болған қыздардың бірі әжесімен осы үйдің тоғызыншы қабатында тұрған.

Қыздар секіру туралы шешімге бірден келмеген.

“Қыздардың біреуінің ұнжырғасы түсіп кіргені анық байқалады. Ал екіншісі оны мейлінше қолдауға, демеуге тырысқан. Содан кейін қос құрбы 13-ші қабатқа көтеріліп, бір жарым сағаттай ұзақ сырласады. Бізде қойылған камера бар. Лифтінің камерасы. Содан көрдік, қыз қатты жылап кірді. Кіргеннен кейін, 13-ші қабаттың лифтісіне бірден басты. Сосын шығады да, үйі мына жақта, қолында қағаз болды. Осыдан кейін екі қабат төменге түсіп, сағат 18:40 шамасында қос құрбы қол ұстасқан күйі бір мезетте төменге секіріп кетті”, – дейді Бейнебақылау камераларын қараған Мүлік иелері бірлестігі төрайымы.

Полиция департаменті өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері 400-ден аса суицид фактісі тіркеліпті. Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер өліміне көбіне мектептегі буллинг, ата-анаға деген өкпе-реніш, телефонға тәуелділік әкеп соғады деп отыр.

Бұған дейін Астанада әйел 15-қабаттан бала жатқан арбаның үстіне құлап, екеуі де көз жұмған еді. Құлаған кезде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне түскен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026 08:43