Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

әуежай
Фото: 2GIS

Алматы әуежайында қызметкер қаза тапты. Осы дерекке байланысты еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажет тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026 11:22