"Мына сөмкеде қорғасын ба, бомба ма?": Алматы әуежайында ұшақ зейнеткердің сәтсіз әзілінің кесірінен 2 сағатқа кешікті
Алматыдан Ақтауға ұшатын рейс зейнеткердің ұшақ бортында жарылғыш зат бар деген әзіліне байланысты екі сағатқа кешігіп ұшты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде ұшақ жолаушысы түсірген видео тарады.
Видео авторының айтуынша, бортсерік сөмкені ұшақтың үстіңгі сөресіне көтере алмаған. Оған жасы үлкен жолаушылардың бірі көмектеспек болған. Ол сөмкенің ауырлығына қатысты сәтсіз әзіл айтып, оның ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Осының салдарынан рейс екі сағатқа кешігіп ұшты.
Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 3 қыркүйекте болған.
"Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының актісі негізінде Алматы–Ақтау бағыты бойынша ұшатын рейстен: "Мына сөмкеде қорғасын ба, бомба ма?" деп қалжыңдаған жолаушы түсірілді. Көлік полициясы қызметкерлері авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бірлесіп, жедел тексеру жүргізді. Тыйым салынған заттар мен жарылғыш заттар табылған жоқ. Жолаушыларды эвакуациялау жүргізілмеді, әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырды", – делінген хабарламада.
Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Материал сотқа жолданады.

Полиция азаматтарды мұндай сөздердің салмағын түсінуге шақырды.
"Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ құқық бұзушының өзіне де, айналасындағыларға да кері әсерін тигізетін әзілдерден аулақ болуға шақырамыз", – деп толықтырды көлік полициясы департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін қ азақстандық агрессия танытқаны үшін FlyArystan рейсі екі сағатқа кешіккені туралы жазған едік.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды