Ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді (видео)
Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді. Оқиға Монреаль әуежайында Парижге ұшатын ұшақтың ұшуға дайындығы кезінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз кешке Монреальдағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда болған. Ұшақ French Bee әуе компаниясына тиесілі.
Ұшақ кері қозғалыс кезінде әуежайдың жердегі қызметкерін қағып кеткен. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан ұшақ дөңгелегінің жанында жатқан қызметкерді байқауға болады.

Оқиғадан кейін әуежайға жедел қызметтер шақырылып, зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек әуежай қызметкерінің көз жұмғаны белгілі болды.
Оқиғаға байланысты тергеу Канаданың жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігіне (ESDC) тапсырылды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жолаушы агрессия танытқаны үшін FlyArystan рейсі екі сағатқа кешіккені туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан