Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алды
Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде FlyArystan ұшағында төтенше жағдай болды.
Жөндеу жұмыстары кезінде жергілікті өрт шықты, бірақ әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі оны тез арада сөндірді.
Салдарынан Air Astana тобының қызметкері жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілді және кейіннен ауруханадан шығарылды.

Оқиға кезінде ұшақ бортында жолаушылар немесе экипаж мүшелері болған жоқ. Ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Қазір залалдың көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Air Astana компаниясы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, пайдалану оқиғасының мән-жайын тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”