Шымкентте FlyArystan ұшағы итті басып кетті

Фото: FlyArystan
FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Шымкентте итті қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
15 сәуірде Алматыдан Шымкентке ұшып бара жатқан ұшақ қонғаннан кейін ұшақ ұшу-қону жолағында итпен соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан ұшақ бөлшектері зақымдалған. Қазір қажет бөлшектер Алматыдан тасымалданбақ.
Компания ұшу қауіпсіздігі басты назарда екенін және тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жануардың жағдайы туралы хабарланған жоқ.
Полиция департаменті оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Бұл оқиға Шымкент станциясындағы көлік полициясы департаментінде тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр", – деді полиция.
Оқыңыз