Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саяхат маусымы қыста да жалғасады: Табиғаттағы демалысты Jetour-мен жоспарлаңыз

Қыстың да қайталанбас көркі, өзіне ғана тән сұлулығы бар. Ақ ұлпа қарға оранған орман, қырау басқан ағаштар, күн сәулесіне шағылысқан тау бөктер... Осындай ғажайып көріністерді тамашалап, отбасыңмен бірге табиғат аясында демалудың өзі бір ғанибет. Балалармен бірге аққала жасап, шанамен сырғанап, қар атысып ойнау – уақыт өтсе де ұмытылмайтын балалық шақтың жарқын сәттері. Ал таза ауада серуендеп, қысқы табиғаттың сұлулығына көз тойдырған соң, дастарқан басына жиналып, дәмді тағамнан ауыз тию демалыстың сәнін келтіре түседі.

Күн суытты екен деп саяхаттан бас тартудың қажеті жоқ. Қыс келгенде бұрын талай жүрген жолдардың өзі жаңаша кейіпке енеді. Жазда көзге үйреншікті болған мекендер ақ қардың астында ертегідегідей құлпырады. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында мұндай сапарлардың әсері тіпті ерекше.

Әрине, қысқы сапарға шыққанда көлік таңдауға да мән берген жөн. Ол қар басқан жолдарда сенімді жүріп, жолаушыларға жайлы жағдай жасауы керек. Осындай талаптарға сай келетін Jetour T1 және T2 көліктері алыс-жақын сапарға қолайлы. Жерден биік орналасуы, жол жағдайына қарай бейімделетін толық жетек жүйесі, кең жүксалғышы мен суық күндері салонды жылы ұстайтын қосымша мүмкіндіктері жол үстінде жайлылық пен сенімділікті қатар қамтамасыз етуге арналған.

Көліктің мүмкіндіктерін сырттай бағалағаннан гөрі, рөлге отырып, өзіңіз байқап көрген дұрыс. Сондықтан жайлылықты, қауіпсіздікті әрі әртүрлі жол жағдайына бейімділікті бағалайтын жандарға Jetour көліктерін тізгіндеп көруге кеңес береміз.

Ал сапарға жалғыз емес, пікірлес жандармен бірге шыққанды ұнататындар үшін Қазақстанда Jetour-дың "Т" сериясын мінетін автокөлік иелерінің қауымдастығы да қалыптасып келеді. Олардың қызығушылықтары ортақ. Бос уақыттарын бірге өткізіп, жаңа жерлерді аралауға, тың идеяларды жүзеге асыруға құштар.

Бұған қоса, 30 қарашаға дейін Jetour T2 көлігін тиімді шарттармен сатып алуға болады. Ай сайынғы төлем 157 932 теңгеден басталады. Сонымен қатар көлік алушыларға қысқы дөңгелектер сыйға беріледі.

Сынақ жүргізуге жазылу, ұсыныстың толық шарттарымен, ай сайынғы төлемді есептеу тәртібімен және қысқы дөңгелектерді алу талаптарымен танысу үшін Қазақстанның кез келген өңіріндегі Jetour ресми дилерлік орталықтарына хабарласуға немесе jetour-auto.kz сайтына кіруге болады.

Ақгүл Айдарбекқызы
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026 12:25