AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский әскери көмегі үшін АҚШ-қа алғыс айтты

АҚШ басшыларымен өткен келіссөзден кейін Владимир Зеленский әскери көмегі үшін Джо Байденге алғысын айтты. Қандай көмек көрсетілгені қауіпсіздік мүддесі үшін әзірге құпия сақталуда. Украина басшысы елдің өзін қорғауға дайын екенін және Ресей әскерлеріне қарсы тойтарыс беру күннен-күнге күшейтіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

“Ел президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен кездесуге дайын. Шара келісім жұмыстары аяқталғаннан соң өтуі мүмкін”,- деп хабарлады Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.

Осыған орай Түркия президенті кездесуді Анкарада немесе Стамбулда ұйымдастыруды тағы да ұсынды.

“Ресей соғысқа басқа елдерден жалдамалы адамдарды жіберуге тырысады. Өз жасақтарына мүмкіндігінше жастарды жинауды. Бірақ сізге ескертемін бұл өміріңіздегі ең қате шешім болады. Біздің қолымызға көптеген Ресейлік әскерге шақыртылғандар түсті. Олар енді елге оралғылары келмейтінін айтты. Тіпті ол жақта өлілердің тізіміне енген”,- деді Украина президенті. 

Ресей Федерациясы шектеулер саны бойынша әлемдегі анти-көшбасшылардың бірі болып табылады. Бүгінде бірнеше жүздеген компания елден кеткен. Соңғы уақытта инфляцияның өсуі байқалды. Сарапшылар да жыл соңына дейін жұмыссыздық 7 пайызға дейін өседі деп болжап отыр. Бір күн бұрын бұл елге қарсы санкцияларға Жаңа Зеландия да қосылды.

“Енгізілген шектеулер әрине көптеген мәселелерді тудырады. Алайда олар бізге сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер ашады. Соның ішінде бұрын санкциялардан қорқатын ресейлік ірі бизнес құрылымдары үшін қазір барлық жағдай бар. Ашығын айтқанда қазір оларда қорқатын ештеңе жоқ. Енді олар аймақта белсенді жұмыс істей алады”, -деді Ресей президенті Владимир Путин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр