Қазақстанда Ұлттық пантеонда вице-президенттер мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары да жерленетін болды
Қазақстанда Ұлттық пантеонда жерленуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімі кеңейді. Енді олардың қатарына вице-президенттер мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары да кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет тиісті қаулыға өзгеріс енгізді. Енді Ұлттық пантеонда:
Қазақстанның вице-президенттері;
- премьер-министрлері мен олардың орынбасарлары;
- Құрылтай төрағасы мен орынбасарлары;
- Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы мен орынбасарлары;
- Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары кіреді.
Сондай-ақ бұл тізімге мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер, Президент Әкімшілігінің басшылары, Конституциялық кеңес, Конституциялық сот, Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары енгізілген.
Бұған қоса, Ұлттық пантеонда министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері жерлене алады.

4 қарашада қабылданған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайтыны туралы хабарлаған едік. Олардың ішінде 1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік бар.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па