Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 170-тен астам әкім жайылымдық жерлер тапшылығын қолдан жасағаны үшін жазаланды

Түркістан облысында жайылымдар тапшылығын қолдан жасаған 170-тен астам әкім жазаланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, "Қолжетімді жайылым" жобасы аясында "Статистика мәліметтерін қолдану және бұрмалау" бабы бойынша 174 ауыл әкімі 5 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Ауылдағы сүт және ет өндіру көрсеткіштерін "жақсарту" үшін әкімдер жеке сектордың статистикалық есептеріне ауылшаруашылық малдарының санын әдейі жазған. Кейіннен бұл қате есепті аудан әкімдіктері жайылымдарды басқару жоспарларын қалыптастыру және бекіту кезінде пайдаланған”, – делінген прокуратура мәліметінде.



Атап өтілгендей, бүгінгі күні аталған статистикалық мәліметтерді прокурорлар сәйкестендіріп, облыстағы жалпы жайылымдық жерлерге нақты қажеттілік үш есеге, яғни 2,1 миллион гектардан 652 мың гектарға қысқартылды.

“Сонымен қатар, прокурорлардың актілеріне сәйкес облыс әкімдіктері бұрын бекітілген барлық осыған ұқсас жоспарларды пысықтау жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігіне, ауыл шаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру бойынша бірқатар ұсыныстар жіберілді”, – делінген ақпаратта.

Талқылау