Түнде күн суытады, күндіз +20 градусқа дейін жылынады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидрометтің” болжамына сәйкес, 27, 28 және 29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы Астанада +10 градусқа, Алматыда +14 градусқа дейін көтеріледі. Түнде елдің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Ал күндіз солтүстік пен шығыста ауа райы +5…+10 градусқа дейін жылынады. Республиканың батысында +15…+20 градус, оңтүстігінде +12…+17 градус жылы болады.
27 қазанда Астанада ауа райы бұлтты, құбылмалы болады, бірақ жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.
28 қазанда да құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды деген болжам бар. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.
29 қазанда да құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болжанбайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.
27 қазанда құбылмалы Алматыда ауа райы бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.
28 және 29 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +12…+14 градус болады.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында екінші күн қатарынан қар жауып, көшелерді қар басқаны туралы жазған едік. Ал Күршім ауданында қар құрсауында қалған жеті адамды құтқарушылар эвакуациялады.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
