Елдің кей аймақтарында алдағы күндері минус 7°С-қа дейін аяз болады
Қазгидромет еліміз бойынша 22-24 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Алдағы уақытта барлық аймақта күн суиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер алдағы уақытта ел аумағында күн суитынын мәлімдеді.
“Қазақстанда аяз болады. Жаңбыр мен қар әкелген циклонның орнына Қазақстанға суық антициклон келе жатыр. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батысында, кейін басқа өңірлерде ауа температурасы төмендейді”, – деді Қазгидромет.
Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейді.

Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2–7°С аралығында болады.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?