Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойдың ұзақтығы 55 минут болуы керек": Белгілі ғалым қазақстандықтарды той жасау мәдениетіне үйретті

Қазақстандық белгілі математик-ғалым Асқар Жұмаділдаев елімізде той жасау мәдениетін қалыптастыру қажет екенін жеткізді. Сөзінше, тойдың ең ұзақ уақыты 55 минут болуы шарт. Бұл жөнінде ғалым "Қасқа жол" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бес сағат той деген ол енді сұмдық. Мен оған шыдамаймын. Бұрын жүз жыл бұрын қазақта теледидар болмаған, ғаламтор болмаған, атқа мініп қойын бағып жүре бергендіктен олар зеріккен. Сондықтан бір тойдың өзін ұлан-асыр етіп, 40 күн бойы тойлаған. Ал қазір кім жасайды? Жұрттың бәрінің жұмысы бар. Оның ешкімге пайдасы да жоқ", - дейді математик.

Ғалым асабалар тойда айтатын сөздерін халықты алдау үшін әдейі айтатынын түсіндірді.



"Бір асабалар бар, сонша жыл неге жұмыс істедің, осындай тойда шашпасаң дейтін. Бұлай айтқан асаба сені ақымақ қылып отыр. Отыз елдің қатарына қалай қосыламыз деп жатамыз ғой. Мысалы, Германия секілді елдерде той болса, жұрт түскі уақытта келіп, бір жерге отырып пицца жейді де, қайтады. Және жиналыстары көп болса бір сағатқа созылады", - дейді Асқар Жұмаділдаев.

Талқылау