Тоқаев Сингапур президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президентіміз Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
“Бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие. Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімін”, – делінген жеделхатта.
Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге Испания ұлттық құрамасының жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдаған еді. Ол испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”
