Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Испания Королін ұлттық құраманың Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев король
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге Испания ұлттық құрамасының жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады. 

“Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда "Атлетико Мадрид" клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін”, – деп жазылған жеделхатта.

Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

 

Еске салсақ, 12 маусым күні Мехикода футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өткен еді. Биылғы әлем чемпионаты әлем футболы тарихындағы ең қымбат әрі ең ауқымды турнир.  АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан турнирде алғаш рет 48 құрама өнер көрсетті. Олар 12 топқа бөлінді.

19 шілде күні ақтық финалда Аргентина мен Испания құрама командасы кездесіп, 0:1 есебімен Испания құрамасы Әлем чемпионы атанды

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026 16:46