Бельгия королі Филипп Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанға келетінін айтты
Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанға сапар жасайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдағанын мәлімдеді.
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.
Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды
