"Ерлікпен қаза тапты": Қазақстанда Ғазиз Байтасов атындағы награда пайда болмақ

Мемлекет басшысы наградалар мен көшелерге қызмет бабында қаза болғандардың есімін беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мен мекемелік наградаларға қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімін беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Сондай-ақ көшелер мен құқық қорғау мекемелерін батырлардың атымен атауға болады. Мұндай тәжірибе елімізде бұрыннан бар. Лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі Тараздағы орталық көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ қаладағы оқу-жаттығу полигоны да батырдың атымен аталған”, – деді президент.
Сондай-ақ ол Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі туралы "Капитан Байтасов" атты көркем фильм шығатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы өрт сөндіру бөліміне және сол бөлім орналасқан көшеге өрт сөндіру кезінде опат болған Асқар Забикулиннің есімі берілгенін айтты. Ол аталған азаматтарды бейбіт күннің батырларына теңеді.
“Қазір біз үш атадан бері тәртіп сақшысы болған Зайнулиндер әулетінің өкілдерін марапаттаймыз. Мен бүгін барша құқық қорғау жүйесінің ардагерлеріне зор алғыс айтамын. Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Қазір Ақмола облысында "Зиялы қауым" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ауыл әкімдері, ақсақалдар және шаруа қожалықтарының басшылары бірлесіп, учаскелік инспекторларға қолғабыс етуде. Жергілікті азаматтардың осындай үлгілі ісіне қолдау көрсету керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ОқыңызПрезидент бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген бірқатар ауылдың ақсақалдарын марапаттайтынын айтты.
“Жедел қызметкерлер, тергеушілер, прокурорлар, криминалистер, патруль қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен басқа да құрылым қызметкерлері күн сайын ел тыныштығын қас қақпай күзетуде. Ешқандай қауіп-қатерге қарамастан, Отан үшін жасап жатқан адал қызметтеріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Мен Сіздерге сенемін! Әрқайсысыңыз мықты маман, отаншыл әрі адал азамат деген атқа лайықсыздар”, – деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаев соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке “Халық қаһарманы” атағын берді.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді