Тоқаев соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке “Халық қаһарманы” атағын берді
Президент Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке “Халық қаһарманы” атағын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы арнайы жарлыққа қол қойды.
“Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) “Халық қаһарманы” атағы беріледі. Оған қоса айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен “Отан” ордені тапсырылады”, – делінген хабарламада.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан небәрі 57 ардагер ғана қалғанын мәлімдегені туралы жазған едік.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
