Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын Астанадан шығарып салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
14 қазан күні корольдік жұптың Қазақстанға мемлекеттік сапары Алматы қаласында жалғасады.


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға 11-14 қазан күндері Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі Филипп және Патшайым Матильда келетіні туралы жазған еді. Сол кезде Ақорда жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланатынын айтқан. Кейін Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті