Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі мен патшайымы келеді

Белгия корольі мен патшайымы Қазақстанға келеді
Фото: ru-royalty

Қазақстанға 11-14 қазан күндері Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі Филипп және Патшайым Матильда келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады. 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 10 Қазан, 2026 13:19