Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Астана әуежайында Оман сұлтанын күтіп алды: Оның ұшағын жойғыш ұшақтар қарсы алды

Тоқаев пен Оман сұлтаны

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды. Бұл Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.  

 

Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен президент оркестрі сап түзеді.

Тоқаев пен Оман сұлтаны
Фото: akorda.kz
Фото: Ақорда

Әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті. 

Тоқаев пен Оман сұлтаны
Фото: akorda.kz

Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

“Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік. Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр”, – деді президент. 

Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Каспийдегі сарбаздар өлімінен кейін Қорғаныс министрлігіне қатысты тексерудің алғашқы қорытындысын тыңдағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 05 Қазан, 2026 19:43