Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің жары: 6 айлық болып туған қызым 6 жасқа толды

Төреғали мен жары Толқын Тұрарбекқызы тұңғышының туған күнін атап өтті. Кәусәр есімді бүлдіршін 6 жасқа толды. Анасы желіде  жүрек жарды жазбасын арнады.  

“6 айлық болып туған қызымыз 6-ға толып жатыр: Тұңғышым, өмірімнің мәнін кіргізіп, аналық сезімді ұялатқан Кәусарым! Туған күнің құтты болсын🥳🥳🥳
Сен менің жүрегімнің ең үлкен бөлшегісің. 3 балам бір төбе, ал Кәусарым бір төбе. Аллам деніңе саулық берсін. Өмір-жасың ұзақ, ғұмырың мәнді болсын🤲🏼
Ата-анаңа нұрдан тәж кигізетін игі ұрпақтан бол!!!

Ботақаным, сен бізге әлемді жаңа қырынан таныттың! Өмірімізді 360 градусқа өзгерттің!!! Сенімен біз, жаңа өмірге қадам бастық!!! Жүрегіміз болып, айналаңды қуанышқа толтырып жүре бер ботам”, – деп жазды ол парақшасында.

Желі қолданушылары ақ тілегін арнады. 

“Аллам ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Менін балам да 6 айлық боп туған, Аллахыма сансыз шүкір, қазір 3,5 жастамыз”, “Аллах Тағала деніне саулық берсін, ботақан тек аман бол”, “Ауырмасын балапанның кұтты болсын туылған күні”, “Балапанның туған күні құтты болсын, дені сау болсын, өмір жасы ұзақ болсын”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Бұған дейін анасы кіші қызы Тоғжанға ақ тілегін арнап, туған күннен естелік сәттерді жария еткен еді. 

“Тоғжаным!🤗Сен бізді қандай бақытқа кенелтіп жүрсің. Сені берген Аллама сансыз шүкір!🤲🏼Әр сөзің, әр ойың, әр ісің бәрі-бәрі нәзіктік пен мейірімге толы.🥺
Өзің енді ғана 5 -ке толып жатқаныңды, тіпті енді ойланып жатырмын.
Сені біз үлкееен адам көреді екенбіз ғой. Алдымен айналасын түгендейтін, өзіне бір зат алса бауырларын да ұмытпайтын бауырмалым.

Аналық жүрегім, сен үшін әрдайым дұғада! Алланың сүйікті құлдарынан бол ботам.Сенің кішкентай көңіліңнің көтеріліп, естен кетпес балалық шағыңды қуанышқа толтыру үшін ата-әжең, әкең-анаң, әпке-жезде бауырларың барын салады. Туған күніңмен қошақаным!!!🥳Өзің қалаған ертегі әлеміне қош келдің!🤩Әр шаңырақ баланың күлкісіне тола берсін! Құттықтауларыңызға мың алғыс”, – деп жазды ол.


Талқылау