Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің жары: Күйеуіме дейінгі әрбір қадамым қайын атамның қадағалауымен болды

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарқызы келін болып түскен кезін еске алды. Өз басынан өткен жайттарды баяндап, болашақ келіндерге өз кеңесін айтты. Отбасылық татулықты сақтау - әйелдің басты қағидасы болу керек дейді ол.

"Сәлем бердім баршаңызға! Құрметті оқырман. Отан - отбасынан басталады! Кішкентай отанымыздың түтінін түзу түтетіп, қызметімізді адал атқару біздің, яғни келіндердің, аналарымыздың жауапкершілігінде сияқты! Иә, ағаштың екі ұшы болады, әрине, бірақ көрпені әркім өз жағына тарта бермей, өзінің міндетіне бекем болса, шіркін әрбір отбасы шынайы бақыттың дәмін сезер еді.

Сол ұлтымызға деген қызметіміз, отбасымыздағы қызметтен бастау алмай ма!? Жаңадан келін боп түскен кезімде, көптеген қызықтарды өткердім. Бәріміз де бәрін біліп келген жоқпыз, әрине. Әрі жаңа ортада бірі ұнаса, бірі ұнамайтын, бірі қабылдаса, бірі қабылдамайтын тұстары да бар емес пе?

Біздің отбасындағы заң қаталдау боп көрінді... Тіпті күйеуіме дейін әрбір қадамы атамның қадағалауымен болатын... Ол кезде үйіміздің қасындағы бір метр жердегі дүкенге де сұранып, ескертіп жүру керек болды, әрі өзім барып келе алмайтынмын, қасыма бір адам еріп жүру керек болатын. Ол жарымның бұйрығы", - деп жазды Толқын Тұрарқызы.


Төреғалидің жары: Күйеуіме иілемін, сырт көзге қауқарсыз "лох" болып көрінгенімен бұл үлкен күш


Айтуынша, Толқын бастапқыда келіндік өмірге үйренісе алмаған. Уақыт өте келе күйеуінің бұйрығына бағынып, отбасылық татулықты сақтап үйреніпті.

"Басында маған қатты таңсық көрінетін... Иә, қарсы тұрып, онда тұрған не бар екен деп, болмашы нәрсеге ұрыс шығарып көргенмін...Сол үшін оңбай сөз еститінмін.

Бір рет жарыма солай айтқанымда, ол кісінің сөзі жадымда мәңгілік жатталып қалыпты, “ Күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шыққан әйелге үйіне кіргенге дейін періштелер лағынет айтады”, деді... - ауыр әрине. 

Жарайды, дегеніммен, іштей қарсылық тұратын... Әрі діни сауаттың да аздығынан ол сөздердің астарын түсіне де бермеген сияқтымын!
Уақыт өте бәріне мінезімнің ең мықты жері, сол іштегі қарсылықтарға өзім төтеп берем деп шештім...Табандылық танытып, содан бері, сол бағыттан таймауға тырысамын!
Әрі қызметіме де орасан зор пайдасын әкеліп жатқанын көзіммен көріп келемін!", - деп жазды.

Әншінің жары қазақ келіндері иілген сайын қадірі артып, кішірейген сайын бағасы артады дегенді айтты.

"Ойланып қарасақ, қазақтың дәстүрінің өзі келіндеріміздің иіліп сәлем салған сайын, психологиялық өзгеріске ұшыратып бейсаналы түрде иілуін талап еткізетіндей. Сол физикалық іс-қимылды санамызға сіңіріп, иіле берсек нұр үстіне нұр болар еді. Келіндік өмірдің жауапкершілігі көп әрине, қиын тұстары неде деп ойлайсыздар?!", - деді ол. 

Желі қолданушыларының бірі бұл сөзді қолдап жатыр. Енді бірі қайын ата мен күйеуге соншалық бағыну дұрыс емес деп жазды.

"Бақытты бол, келін. Менің келінім де сендей болсын, Алладан сұраймын", "Келін қыздай бола алмайды, өзінің құқығынан, міндеті басым. "Келін" тіркестерінен алынған, үйімізге, шаңырағымызға сіңіс, осы шаңырақтың талаптарына, жөн-жоралғысына үйрен деген мағына ғой. Сәлем салудың өзі "осы шаңырақтың ереже, тыйым, талаптарына бағынамын, қабылдаймын" деген ишара, әрекет!", "Өте күшті, бірақ өзім шыдай алмас едім", "Әрине, иіліп сәлем салған дұрыс. Он екі жылдан бері иіліп келемін. Одан ештеңем кетпеді. Бата алып, өзімнің келін екенімді ұмытпай, кішіпейілділігім дами түсті", "Шектен тыс құлдай қызмет етуді дұрыс деп санамаймын", "Келінді кейбіреулер күң көреді, келін де адамнан туған қыз ғой", - деді желі қолданушылары. 

Талқылау