Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» туралы заң жобасын талқылау туралы айтты.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-дегі ресми аккаунтында жазды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда белсенді талқылануда. Бұл қалыпты және орынды. Өзекті мәселелерді кеңінен талқылау қажет. Осы заң жобасының ережелерін мұқият зерттеп, барлық тараптардың пікірін ескеруіміз керек. Біздің басты міндетіміз - әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау», - деді мемлекет басшысы.
Еске салайық, осыған дейін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жетекшісі Жамила Нұрманбетова бұл заң жобасы пысықталатынын мәлімдеген еді.
Қоғам белсенділері, әншілер мен танымал тұлғалар бұл заңға қарсылық танытып, үндеу жазды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"