Тоқаев коронавирус бойынша статистиканы жасырмауды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр", - деп жазды Twitter-де Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықтың шындықты білуі керек екенін атап өтті.
"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деді президант.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын