Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев цифрландырудың жалпы баяу жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет ұлттық деректер банкінің жұмысының созылып кету себептері туралы ақпаратты уақытында біліп отыруы керек. Менің ойымша цифрландыру баяу жүріп жатыр, жұмыс қанағаттанарлық емес. Мен есеп комитеті сынға алған "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырдым. Премьер-министр цифрландыру кураторы ретінде бұл мәселеге ерекше назар аударғаны жөн. Мен ифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасаймын. Менің ойымша, сіз қанағаттанарлық емес жұмыс жасап, премьер-министрдің сенімін ақтамай тұрсыз", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


 


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің үш мүшесі сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке республикадағы қант тапшылығына байланысты жағдай үшін сөгіс жариялаған болатын.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке - киіктерді атуды ұсынғаны және әуре-сарсаңға салғаны үшін де сөгіс жарияланды.

Талқылау