AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цифрлық құжаттарды барлық меморган заңды түрде мойындауы тиіс – Премьер-министр

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша қолжетімді ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министрдің сөзінше, соңғы бір жылдың ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 2 есеге жуық өскен. Қазіргі таңда электронды форматтағы қызметтердің деңгейі 93%-ды құрайды. Ал қызметтердің 66%-ін азаматтар кәдімгі смартфонның көмегімен алып отыр. 

"Электрондық қызметтер мен базалардың интеграциясы азаматтардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік органдардың есігін тоздырып, қағазбастылыққа салынып, әуреге түспейді. Бұл жұмысты әрі қарай кеңейту қажет", - деді премьер үкімет отырысында.

Ол электронды форматтағы банктік қызмет түрлері де жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Дегенмен алаяқтық жағдайлары азаймай тұр. Смайылов банктерге осы мәселеге барынша назар аударып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуді тапсырды.

Үкімет басшысы электронды қызмет саласындағы бірқатар проблемаға тоқталды.

Оның айтуынша, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, индустрия және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және қорғаныс министрліктері бойынша кейбір қызметтерді электронды форматта алу мүмкін емес.

Сондай-ақ сыртқы істер министрлігі мен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі бойынша қызметтерді автоматтандыру деңгейі төмен.



"Цифрлық даму министрлігіне аталған мемлекеттік органдармен бірлесіп, 3 ай мерзімде қолжетімсіз мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді тапсырамын", - деді Смайылов.

Үкімет басшысы цифрлық даму министрлігіне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі ай ішінде осы мәселені техникалық тұрғыдан іске асыру жоспарын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деректерді үнемі жаңартып, ақпараттық жүйелердің тоқтаусыз жұмыс істеуін және олардың уақтылы интеграциялануын қамтамасыз етуге тиіс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр