Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тас, күл, газ шашыраған": Филиппинде жанартау атқылап, 5 мыңнан аса адам эвакуацияланды (видео)

жанартау
Фото: independent.co.uk

Филиппиндегі Майон жанартауы атқылап, мыңдаған адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Manila Bulletin басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппиннің Вулканология және сейсмология институтының мәліметінше, қауіп деңгейі 5 балдық шкала бойынша 3-деңгейге көтерілді. Мамандар атқылау жалғасуы мүмкін екенін ескертеді. Кратерден 6 шақырымға дейінгі аумаққа кіруге тыйым салынған. Ал 8 шақырымға дейін тұратын тұрғындарға кез келген уақытта эвакуациялануға дайын болу ескертілді.

Қазір эвакуациялық орталықтарға 1500 отбасы, яғни 5 мыңнан астам адам орналастырылған. Мамандар 8 шақырым аймақта тұратын тұрғындарды барынша сақ болуға шақырып отыр.

Жанартаудың атқылауы лаваның ағуымен басталды. Сонымен қатар жанартаудан тас, күл, газ және ірі бөлшектер шамамен 4 шақырымға дейін шашыраған.

Албай провинциясындағы 52 елді мекен зардап шекті. Камалиг, Гинобатан, Дарага және Лигао аймақтарына қалың күл жауған. 

Қызыл Крест еріктілерді жұмылдырды. Билік тұрғындарға жүздеген респиратор жеткізді. Халыққа терезе мен есікті жауып, сыртқа шыққанда міндетті түрде бетперде тағу ұсынылды.

Майон жанартауының биіктігі шамамен 4200 метр. Соңғы 400 жылда ол 50-ден астам рет атқылаған. Ең ірі апат 1814 жылы болып, 1200 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда 700 мың жыл бойы сөнді деп есептелген жанартау қайта оянғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 03 Мамыр, 2026 16:14