Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар сыртына өзі сурет салған самаурындар сатып жүр

Тамара Асар әншіліктен бөлек, кішігірім бизнесті қолға алды. Ол енді қазақстан нарығын өзі сыртын түрлі суретпен безендірген самаурындармен толықтырмақ.

021дж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сурет салу, шимай жазу, кесте тігу, әртүрлі тастан картина құрау, киім үлгілерін қиыстырып үйлестіру, ою-өрнекті бағалы тастармен көмкеру, әшекей бұйымдар үлгілерін дайындау, самаурынға сурет салу – менің хоббиім. Себебі, бұл – мен!  Жанның айтуынша: “Тома, барлығы түсінікті, бұл – диагноз”. Мүмкін. Кім біледі? Сол хобби немесе диагноз күндердің күнінде үлкен еңбекке немесе естелікке айналуы мүмкін бе? Адамды ешкімге, ештеңеге, еш уақытта тәуелді қылмайтын тек қана – сүйікті ісі”, – дейді Тамара Асар.

Әнші өзінің кейінгі кезде немен айналысып жүргенін осылай түсіндірді. Ол жаңа бейнебаяндар түсіріп қана қоймай, кішігірім бизнесті қолға алған екен. Яғни сыртына өзінің суреті салған самаурындарды қазақстандық нарыққа шығарған.

Мұнымен қатар, жуырда әншінің туған күні өткен болатын. Осыған орай, шоу бизнес өкілдері бас қосып, оның самаурын туралы бейнебаянының тұсауын кескен-ді.

“Құттықтау үшін түсіріп жүрсем, тілек айтуға шақырылып,”сьемканы” шұғыл түрде тоқтатуға тура келді. Тамараның бейнебаянын тамашаладық. Өзі сыртына суреттерін салған, керемет әдемі самаурындар жасап, Қазақстанға нарыққа шығарып жатыр екен. Өте ұнады. Шынымен де, әжелеріміз тек отқа қайнайтын самаурынның шәйін ішуші еді. Сөйтсек ол 98 градус темперературада қайнайтын, адам ағзасына пайдалы су болады екен… Бүгін самаурын туралы біраз дүние білдік… Шынымен шай ішіп отырып сөйлесеміз, жақсы көретін адамдарды, дос-жаран, туған-туысты шайға шақырып жататынымыз да рас қой… Соған қарағанда бір береке бар-ау осы шайда… Құтты болсын,Томи! Қайырлы түн!” – дейді Қыдырәлі Болманов.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық сүрбойдақтар жартылай жалаңаш билеп қыздарды еліктіріп қойды (видео)

“Ninety one” туралы фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгілі болды (видео)

Төреғали Еркеден ән арқылы “кешірім сұрады”

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының негізінде фильм түсіріп жатыр

Талқылау