Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” фильмнің түсіріліміне кірісті

Баян Есентаеваның арманы орындалып, өзі көптен бері аңсаған ғашықтар туралы фильм түсіріп жатыр.

19955642_1641196239226148_316206397253484544_n

Сурет: Баян Мақсатқызының жеке парақшасынан, comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Баян Есентаева жаңа жобаны қолға алғанын сөз еткен болатын. Енді, міне, продюсер түсірілім тобын жинап, іске кіріскен-ді. Аталған туындыда басты рөлде “Алау” тобының әншісі Ержан Мұқатаев пен “Қазақ аруы” фильмінде басты рөлді сомдаған Гүлзада Тұрлаш ойнайды. Әзірге нақты қашан жарыққа шығатыны белгісіз.

“Осымен нешінші туындыны жарыққа шығарып жатқанымыз есімде жоқ. Жобаларымыздың барлығы да жақсы болды. Ал бұл солардың ішіндегі ең күрделісі. Бүгін түсірілім жұмыстарының алғашқы күні. Мұны өздеріңіз де түсініп тұрсыздар. Бірақ, мен қолымыздан келетініне сенімдімін. Осы махаббат хикаясы туралы фильм түсіруді көптен бері армандап келдім. Расымен де, армандар орындалады екен. Дәл қазір бақытты күндерімнің бірі десем де болады”, – дейді Баян Есентаева.


Жіберіп алмаңыз:

Актер Владимир Толоконниковтың өлімінің себебі анықталды

Нұртас Адамбай Қазақстаннан кеткісі келетіндер жайлы айтты

Құдайберген Бекіш ұлымен қосылып фильм түсірмек

Ибрагимов: Министр Арыстанбек туралы менің де айтарым бар

Талқылау