Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясы бұрынғы бастығына қатысты сот отырысы басталды
Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Today
Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Құштабаевқа қатысты сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды. Процесс жабық өтіп жатқаны айтылады. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.
- Қыз зорлады деген айыппен сотталған қазақстандық блогер ақталып шықты
- Желіде тараған полицияның қатысы бар видеодан кейін қызметтік тергеу жүргізілетін болды
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.
Қазақстандағы гидроцикл апаттары: Су көліктеріне қатысты жауапкершілік неге күшеймей отыр
Министрлік 1-29 шілде аралығында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 21 кеме иесіне шара қолданған
Алматыда отбасылық ойын алаңында ер адам 7 жасар балаға күш қолданған, алайда полиция істі тоқтатып тастаған
Ер адам баланы бұғана тұсынан қатты қысып ұстап, күш қолданған