Желіде тараған полицияның қатысы бар видеодан кейін қызметтік тергеу жүргізілетін болды
Желіде полиция қызметкері мен азаматтық киім киген ер адамның дәретханада тұрғаны бейнеленген видео таралуда. Ал азаматтың қолынан пакетке ұқсайтын затты байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан жасалған скрин
Мұны видеоға түсірген адам полицейдің әжетханадан шығуын талап етеді. Бейнежазба астындағы пікірлерде қолданушылар есірткіге сынама осылай жүргізілетінін айтқан.
Алматы облысының полиция департаменті өз кезегінде бұл факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалғанын мәлімдеді.
- Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды (видео)
- Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек
“Оның нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаның іс-әрекетінің тәртіптік сипатына түбегейлі баға беріледі. Басқа ақпарат қосымша хабарланады”, – делінген полиция департаментінің ұсынған ақпаратында.
Бұған дейін Семейде қамаудағы адамды азаптады деген күдікпен полицей ұсталғаны белгілі болған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
