Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы 2 айға қамауға алынды
27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктіні 2 айға қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деп күдікке ілінгенін хабарлаған едік. Кабинетінде "Сендей әдемі қызға протокол толтыртқызбаймын" деп қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастағаны туралы жәбірленушінің адвокаты айтып берген еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен