Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыстағы жағдай: Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ әуежайға кері қайтты

Алматы Дубай Таяу Шығыс
Фото: Air Astana

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы рейстерге өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Дубай бағыты бойынша орындалатын рейстер өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

KC205 Астана-Дубай рейсі бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шықты. Алайда әуеге көтерілгеннен кейін ұшақ әуежайға қайта оралады. Осылайша KC897 Алматы-Дубай рейсі 12 шілде күні сағат 08:50-ге жоспарланған еді, бірақ тоқтатылды.

"Жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері бойынша қайтарылады. Рейстердің ұшу кестесіндегі алдағы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

 

Жолаушыларға рейстердің мәртебесін тексеріп отыру ұсынылды. Себебі ұшу және межелі әуежайға жету уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Компания өкілдері жағдайды мұқият бақылап отырғанын және жолаушыларды жеткізу мәселелерін шешіп жатқанын атап өтті.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 12 Шілде, 2026 10:47