Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралды (видео)

Ұшақ
Фото: airastana.com

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына қона алмай, кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әуе компаниясының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ұшақ Астана әуежайына қона алмаған.

Сонымен қатар қосалқы әуежай ретінде белгіленген Қарағанды әуежайы да рейсті қабылдай алмаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшу барысында ұшақ қатты шайқалған. Соның салдарынан кейбір жолаушылардың қан қысымы көтеріліп, балалар қорқып жылаған.

Air Astana әуе компаниясы рейстің кері қайтарылуы Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты болғанын мәлімдеді.

"2 шілдеде Алматы – Астана бағыты бойынша орындалған KC641 рейсін орындайтын ұшақ Астанадағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты Алматы әуежайына қайта оралды. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылданды. Ұшақ Алматыдан жергілікті уақыт бойынша 19:15-те ұшып шықты. Жолаушыларға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз", – делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana 8,3 миллиард еуроға Airbus ұшақтарын сатып алатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 19:17
Талқылау