Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөйлескім келді": Қазақстанда ер адам түнде көрші әйелдің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан күйін суретке түсірген

күдікті
Фото: Жасанды интеллект

Ақмола облысында ер адам түнде көрші әйелдің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан жерінде суретке түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Атбасар ауданының полиция бөліміне ауылдық елді мекендердің бірінің тұрғынынан өтініш келіп түскен. Әйелдің айтуынша, көрші тұратын ер адам түнде оның үйіне заңсыз кіріп, оны ұйықтап жатқан күйде суретке түсірген.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 37 жастағы ер адамның 20 жастағы көршісінің үйіне кіргені анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін қызбен сөйлескісі келгендігімен түсіндірген.

“Қазір полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ қатысушының іс-әрекетінің себептерін анықтауда. Тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция азаматтарға басқа біреудің үйіне заңсыз кіру заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ұрылар түнде 65 жастағы әйелдің үйіне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026 21:38