Түркістан облысында ұрылар телефон үшін 65 жастағы әйелді қан-жоса етіп ұрған
Түркістан облысында ұрылар түнде Леңгір қаласының тұрғынының үйіне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттың агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің айтуынша, ұрылар түнгі сағат екілер шамасында үйге терезе арқылы кірген. Олар әйелді адам танымастай етіп соққыға жығып, таң атқан кезде оқиға орнынан қашып кеткен.
Әйелдің Астанада тұратын қызы болған жағдайды ести сала ұшып келген. Айтуынша, анасын алғаш көргенде қатты қорқып кеткен.
“Бет-аузы ісіп кеткен, көгерген. Көздері ашылмайды. Құлақтары жырылған, сырғасын тартып алған. Алтын деп ойласа керек, бірақ ол бижутерия еді. Бүйрек тұсы көгерген. Ішімнен ұрды деді. Екі адам терезеден кіріп, қол-аяғын байлап, ұра берген, ақша сұраған. Телефонын алып кеткен. Әмиянында 10 мың теңгесі болған. Соны ғана алып кеткен. Үйдің астан-кестеңін шығарып кеткен. Қазір жағдайы жақсы деп айта алмаймын. Тұрса басы айналады, өз бетімен дәретке бара алмайды”, – дейді жәбірленушінің қызы Мадина Тұрғанбекова.

Оның сөзінше, анасы ол үйге өзінің анасына күтім жасауға барған. Зардап шеккен 65 жастағы әйел – зейнеткер.
Жәбірленушінің туысы Күлипа Өтебаева әйелдің қандай күйде болғанын баяндады.
“Қол-аяғын байлап тастаған. “Қолымды әрең шешіп шықтым” деп әпкеміз дірілдеп, жылап, сөйлей алмай жатты. Әлі қорқып отыр. Әлі жауап бере алмай отыр дірілдеп. Әбден қорқып қалған. Малды да олай қинамайтын шығар. Шекесінің барлығы жарылған. Құлақтарын жыртқан. Аяушылық көрсетпей малдан бетер қорлаған ғой. Сонша ол кісіні қорлап азаптап тастайтындай не себеп болғанын білмейміз. Үйдің бәрін төңкеріп тастаған енді. Адам көргісіз. Маска киіп кірген дейді. Қазір әпкеміз сандырақтап отыр әр нәрсені айтып. Енді қазір қанша адам кіргенін де білмей отыр. Соншалықты тепкілеп тастаған. Тамақты да дұрыс іше алмайды. Қызы зорға дегенде беріп отыр тамақты", – дейді жәбірленушінің келіні Күлипа Өтебаева.

Түркістан облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Полиция ұрыларға іздеу салып, олардың жеке басын анықтау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның барысы департамент басшылығының бақылауында”, – делінген хабарламада.
Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?